Пікір

0
26

Мемлекет басшысының Құрылтайдағы сөзі ел дамуының нақты нәтижелерін айқын көрсететін, халыққа сенім мен жігер беретін маңызды үндеу болды. Экономиканың тұрақты өсімі, ішкі жалпы өнімнің рекордтық деңгейге жетуі және әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы жүргізіліп жатқан реформалардың дұрыс бағытта екенін дәлелдейді. Әсіресе шағын және орта бизнестің үлесінің артуы мен халықтың өмір сүру сапасының жақсаруы – мемлекет саясатының тиімділігінің нақты көрінісі. Бұл жетістіктер ел бірлігі мен халықтың еңбекқорлығының жемісі деп білемін. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, тұрақты даму жолын жалғастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Аудандық мәслихат депутаты Жонысов Сұлтанбек Нұрланұлы