Пікір

0
20

Мемлекет басшысының бұл сөзі Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы шынайы әрі пәрменді институтқа айналғанын айқын көрсетеді. Құрылтайда көтерілген ұсыныстардың негізінде 26 заңның қабылдануы – қоғам пікірі мен мемлекеттік саясаттың өзара тығыз байланыста екенін дәлелдейтін нақты нәтиже.

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес, ономастика саласын жүйелеу, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағытындағы қадамдар – қоғамның рухани және әлеуметтік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы жүйелі жұмыстың көрінісі.

Депутат ретінде біз Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары бекітілген құжатты басшылыққа ала отырып, оны нақты істермен жүзеге асыруға, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге міндеттіміз. Ұлттық құрылтай – мемлекеттің стратегиялық бағыты мен ел мүддесін тоғыстыратын маңызды алаң болып қала береді.

Аудандық депутат Алтай Абдуллин