Пікір
Конституцияның жаңа жобасы – еліміздің даму жолындағы маңызды кезеңдердің бірі. Негізгі заңды жетілдіру арқылы мемлекетіміздің құқықтық негізін нығайтып, басқару жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіру көзделіп отыр. Бұл өзгерістер қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейтуге бағытталған.
Жоба мазмұнында адам құқығының қорғалуы, заң үстемдігі және мемлекеттік институттардың тиімділігі басты назарда. Конституция – жай ғана құжат емес, ол әр азаматтың өміріне тікелей әсер ететін негізгі заң. Сондықтан оның мазмұны нақты, түсінікті әрі уақыт талабына сай болуы аса маңызды.
Депутат ретінде мен бұл бастаманы елдің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі қадам деп бағалаймын.
Темір аудандық мәслихат депутаты Молдақұлов Сабыржан Жәңгірұлы