Пікір
Конституцияның жаңа жобасы – еліміздің болашағына бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Бұл бастама арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту көзделіп отыр. Негізгі заң – елдің дамуын айқындайтын басты бағдаршам.
Жаңа жоба заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген. Онда құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейтуге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Бұл – ашық әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
Депутат ретінде мен Конституцияны жетілдіру – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады деп есептеймін. Заңымыз мықты болса, мемлекетіміз де мықты болады.
Темір аудандық мәслихат депутаты Абдуллин Алтай Кабылгазизович