Аудан тынысы

  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    101
    0
      Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау ...
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз ...

    53
    0
    Аталған Заң Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мақсатында әзірленіп, заңнаманы Конституцияға сәйкестендіруге, жария және жеке мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған. Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы Конституциялық Соттың нормативтік қаулысында көрсетілген құқықтық ұстанымдыескере отырып әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер болып табылады. Атап айтқанда, егер мұндай шектеу конституциялық тұғырды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсаттарымен негізделмесе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу алынып тасталды. Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметті шектеу дифференцияланған болуы және лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты айқындалуы тиісекенін атап өтті. Осы Конституциялық Сот шешімін іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу нормасы алып тасталды. Оларға мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішінде мектептерде, ауруханаларда) және квазимемлекеттік сектордың өзгеде субъектілерінде басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдар басшылары), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, сондай-ақ көлік жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жатады. Сонымен қатар, Заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуына жол берілмейтін жағдайлар бекітілген. Атап айтқанда, егер мұндай қызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірсе, қызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, мұндай қызметке тыйым салынады. Бұл ретте аталған тұлғалар бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілері болып қала береді, мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның бақылауында болады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықта болады. Осыған орай, оларға қаржылық бақылаушаралары, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ туыстарымен бірлесіп қызмет атқаруға тыйым салу нормалары қолданылады. Тиісінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген шектеулерді бұзу, оның ішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесе мүдделер қақтығысы жағдайында қызмет атқару фактілері анықталған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі жауаптылық көзделген. Қабылданған Заң конституциялық заңдылықты нығайтуға және әділеттілік, ашықтық пен құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі дамытуға бағытталған.
  • 63
    0
    Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді   ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг ...
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз»

    63
    0
      Біз әр жетістікке жұртымыздың ерен еңбегінің арқасында жеттік. Азаматтарымыз білім, ғылым, мәдениет салаларында биік белестерді бағындырды. Олар халқымызды рухы ...
  • Мемлекет басшысы: «Біз бәріміз табанды еңбек етуіміз керек, сонда ғана еліміз зор табыстарға жетеді»

    82
    0
      Біз мемлекеттік маңызы айрықша «Таза Қазақстан» жобасын бір қоғам болып жүзеге асыра береміз. Ауылдарымыз бен қалаларымыз таза, жасыл желегі ...
  • Қазақстан бастамасы: Жаһандық еріктілер жылы

    81
    0
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жаңа басталған жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл – ...
  • Цифрландырудағы тың бастамалар

    65
    0
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жасанды интеллект саласына ерекше мән берді. 2025 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, ...
  • Реализация поручений Президента по развитию авиахабов

    51
    0
  • . Жақыпова 2025 жылды қорытындылап, қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

    55
    0
    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомствоның 2025 жылғы жұмысын қорытындылады және ел халқына денсаулық, амандық пен ...
  • 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы

    64
    0
    2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы 2025 жылғы 31 желтоқсан 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет ...