ECOPLOGGING – 2026

0
5

Жастар күніне орай Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «ECOPLOGGING – 2026» экологиялық-спорттық жарысы өткізілді.

Экоплоггинг – жүгіру мен қоршаған ортаны тазалауды ұштастыратын экологиялық бастама. Шара барысында жастар белгіленген бағыт бойынша жүгіріп, жол бойындағы қоқыстарды жинау арқылы табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттырумен қатар, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жарысқа қатысқан жастар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылар үшін бұл шара спорттық сайыс қана емес, туған жердің тазалығына үлес қосуға бағытталған маңызды экологиялық бастама болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Іорын–«Жалын»командасы;
           ІІорын–«Сақа»командасы;
           ІІІ орын – «Арландар» командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«ECO-PLOGGING – 2026» шарасы жастардың табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы белсенділігін арттыруға өз септігін тигізді.

Аружан Тунгатова

Темір аудандық жастар ресурстық орталығының

жастар ісі жөніндегі маманы