НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ – БАЛАЛАР!

Республикалық акция өткізілуде
Темір ауданы аумағында 15–20 тамыз аралығында «Назар аударыңыз – балалар!» атты республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларынан жарақат алу жағдайларын азайту және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара аясында балаларды тасымалдаумен айналысатын автобустардың жай-күйі мен техникалық жағдайы тексерілді.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Ата-аналар мен жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырамыз.
Темір аудандық полиция бөлімі

