Ерлер рухына тағзым етті
Аудан әкімі С. Аманбаев, Наурыз мерекесі қарсаңында аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Бақтығалиевпен бірге, аталған бөлімдегі мұражайға барды және қызмет бабында бейбіт тұрғындардың тыныштығын қорғап, өз өмірін қиып, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің Мемориалы алдында, олардың рухына тағзым етті.
Сондай-ақ, мерекеге орай, аудандық ішкі істер бөлімінің ауласына тігілген киіз үйлерге бас сұғып, Наурыз мерекесін тойлауға келген Темір аудандық ІІБ ұжымы мен аталмыш бөлімнің ардагерлерін мерекемен құттықтады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.