Үздіктер анықталды

0
80

Таяуда,  аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен өткен жиында «Ең үздік ауылдық округ»  және «Ең үздік қоғамдастық» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім және мекеме басшылары қатысты. Жиында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаева аталмыш байқаудың өткізілу барысына тоқталды.

Жиында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаева, аталмыш шаралар– Темір ауданы әкімдігі тарапынан қала, ауылдық округ әкімдіктерін бағдарламаларды орындауға, елді мекендердің абаттандыру деңгейін нығайтуға, округтердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыруға ынталандыру мақсатында «Ең үздік ауылдық округ»  байқауы жылына екі рет және ауданға қарасты қалалық, ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жұмысын жандандыру, қоғамдастық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты арттыру мақсатында «Ең үздік жергілікті қоғамдастық» байқауы бір рет ұйымдастырылатынын айтып өтті.
Сондай-ақ жиында, бекітілген комиссияның шешіміне сәйкес, «Ең үздік ауылдық округ»  – Кеңестуы  ауылдық округі  атанып, округ әкімі Ж. Маясаровқа 1 миллион теңге қаржылай сертификат тапсырылса, «Ең үздік жергілікті қоғамдастық» аталымына – Жақсымай  ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық төрағасы С.Ахметов лайықты деп табылды және  арнайы дипломмен мадақталып, Жақсымай ауылдық округінің әкімі Р.Құдайбергеновке табысталды.
Аудан әкімі байқау жеңімпаздарына елді мекендерді дамыту  бағыттындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырып, байқау жеңімпаздарын құттықтап, тілегін білдірді.

ТЕМІР АҚПАРАТ.