«Робототехника – болашақ бағдары»

0
121

    Робот техникасы – бұл адам іс-әрекетінің түрлі зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді іске асыру үшін пайдаланылатын қолданбалы ғылым. Робототехникамен жұмыста мұғалім оқушыларға инженерлік бағдарламалауды жасап, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асыруына бағыт-бағдар береді. Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін,  оқушылар роботты басқару білімін  үйренеді. Қазіргі кезде елімізде жастар, әсіресе мектеп оқушылары арасында робот техникасына қызығушылық, базалық білім алу және дағдыны қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты жуықта, оқушылар үйінің ұйымдастыруымен, аудан көлемінде  «Робототехника – болашақ бағдары»  робототехника  сайысы өткізілді. Сайыстың  мақсаты – роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету.

Жарыс – робот дизайн, кегельринг  және сумо бастаушылар категориялары бойынша ұйымдастырылып, нәтижиесінде командалық есепте  І-орынды Қызылжар ЖОББМ-і жеңіп алса, ІІ-орын аудандық Оқушылар Үйіне бұйырды. Ал Шұбарши ЖОББМ-і ІІІ-орынмен қанағаттанды. Жүлдегер командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жарысқа  қатысып, белсенділік танытқаны үшін № 1-ші Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының командасына да марапат ұсынылды.

Жалпы,  робот техникасы –  автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым.  Бұл бағдарламаның өзектілігі сол – білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылымы бағытында оқушылардың ой-өрісін кең түрде дамытып, инженерлік ойлау негіздерінің алғышарттарын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді деп ойлаймын.

                                                                                                                                          Ұ. ЕДІЛБАЙ