Халықты игілікті іске шақырамыз
Сенбілік – тазалық кепілі. Әр жылы көктем мезгіліндегі сенбіліктерде тазалық жұмыстарын жүргізу – аудан жастарының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Жастар бұл шараға биыл да белсене атсалысып жатыр.
Биылғы игі бастаманың сенбілігінде, Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан орталығындағы мекемелер жанынан құрылған 7 ерікті ұйымнан 107 жас қатысты. Ауа райының шаңды қолайсыздығына қарамастан, жігіттер жағы Қазақ ауыл аумағындағы сайды тырмалап, ал қыздар сыпырып дегендей бір кісідей тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ауданымызда санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлығының жариялануына байланысты, жастар алдағы уақыттарда да бұл шараға қатысуды жалғастырады. Біз жастар, өзіміз тыныс алып, өзіміз өмір сүретін қоршаған ортаны күл-қоқыстан, арам шөптен арылтуға барлық жергілікті тұрғындарды шақырамыз.
Ләйлә МАРАТОВА.