Рәміздер күні аталып өтті

0
80

4 маусым Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, аудан орталығында салтанатты шара болып өтті. Атап айтқанда,  арнайы шеру ұйымдастырылып, орталық алаңға  Еліміздің Елтаңбасы әкелініп, Мемлекеттік Туымыз көтерілді және Әнұранымыз шырқалды. Салтанатты шараға аудан әкімі С.Аманбаев,  ардагерлер, депутаттар,  аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімі С. Аманбаев, салтанатты жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесімен құттықтап,  мейрамның құрметіне ұйымдастырылған «Желбіретіп Көк Туды» атты мобилографтар байқауына үздік туынды ұсынып, жеңімпаз атанған жерлесіміз Н. Сұлтанғалиды марапаттады.

Сондай-ақ, елдігіміздің айбары саналатын рәміздерімізді ұлықтауға арналған шарада аудандық қорғаныс істері бөлімінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаңға мемлекеттігіміз бен  бірлігіміздің  белгісіне айналған Қазақстан Республикасының  Елтаңбасын алып шығып, бейбіт аспан астында Көк Байрағымызды желбіретіп, Әнұранымыз шырқалды. Кейін шараға қатысушылар орталық алаңнан бастап, Ж. Кереев және Желтоқсан көшелерінің бойымен Мемлекеттік Туды  көтеріп, жүріп өтті. Бұл бойларын патриоттық сезім кернеген темірліктердің азат еліміздің азаматтарын Көк Байрағымыздың астына бірігіп, татулық пен ауызбіршілікке шақырған ұраны еді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.