ТАҒАЙЫНДАУ

0
107

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына және ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының 29-бабының 2-тармағына, 30 бабының 1-тармағына, 61-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына   және  аудан әкімінің 2023 жылдың 5 маусымындағы № 52-ші өкімімен Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы Темір ауданы әкімінің орынбасары  лауазымына тағайындалды.

 

   Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы

1982 жылғы 13 наурызында  Ақтөбе облысы, Шалқар  ауданы,  Шалқар қаласында  дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2003 жылы – Ақтөбе мемлекеттік медициналық колледжін «фельдшер» және  2007 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін «кадастр және жылжымайтын мүлікті бағалау» мамандығы бойынша бітірген.

                                            Еңбек жолы:

2003  жылы  Темір ауданындағы Ақтөбе облыстық санитарлық эпидеиологиялық сараптама орталығының лаборанты болып бастаған, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2005-2006 ж. ж. Темір аудандық орталық ауруханасының  жедел жәрдем бөлімінің  фельдшері, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2006-2007 ж. ж. «Темір-2006»  ЖШС-нің  өндіріс меңгерушісі, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2007-2008 ж. ж. Темір ауданының жер-кадастрлік филиалының техник-операторы, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2008-2012 ж. ж. Темір ауданының жер-кадастрлік филиалының директоры,Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2012-2014 ж. ж. РГП «НПЦЗем» Ақтөбе филиалының Темір ауданының бөлімшесі басшысы, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2014-2016 ж. ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті  РГП «НПЦЗем» Ақтөбе филиалының Темір ауданы бөлімшесінің басшы, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2016-2018 ж. ж. «Мемлекеттік үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Темір ауданы бөлімшесінің басшысы, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2018-2019 ж. ж.  Ақтөбе облысы азаматтарына арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы-филиалы жер кадастры және мүліктік техникалық инспекция департаментінің Темір аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы, Темір ауданы Шұбарқұдық кенті;

2019 жылдың қараша айынан 2023 жылдың 5 маусым аралығында Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

2023 жылдың 6 маусымынан бастап Темір ауданы әкімінің орынбасары  лауазымына тағайындалды.