Сертификат табысталды

0
88

Ағымдағы жылдың 21-25 тамызы аралығында Кеңесту ауылдық округінде «AMANAT» партиясы, «Halyk Bank» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру оқуы өтті.
80-ге жуық тұрғын қатысқан оқуды Ақтөбе қаласынан келген қаржылық сарапшы Сейтов Ерлан жүргізіп, несие қарызын азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтауды және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бойынша кәсіп ашамын деген тұрғындардың бизнес жоспар жасауына көмек көрсетіп, жеке қабылдау өткізді.
Оқуға қатысушылардың көп бөлігі бюджеттік сала қызметкерлері, көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бала күтімімен отырған аналар құрады. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы