СҰРАНЫСТЫ қанағаттандырамыз
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОШТА ОДАҒЫН ҚҰРУДЫҢ ТАРИХЫ 1874 ЖЫЛДАН БАСТАУ АЛАДЫ. СОЛ ЖЫЛЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ШВЕЙЦАРИЯДА 22 ЕЛ ӨКІЛДЕРІ «БЕРН ШАРТЫНА» ҚОЛ ҚОЙЫП, ӨЗАРА ПОШТА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАСҚАН. МІНЕ, СОДАН БЕРІ БАСҚА ЕЛДЕР ДЕ ОСЫ ШАРТҚА ҚОСЫЛЫП, 9 ҚАЗАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОШТА КҮНІН АТАП ӨТІП КЕЛЕДІ. ПОШТАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «ҚАЗПОШТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ПОШТА БАЙЛАНЫС ТОРАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, «ҚҰРМЕТТІ БАЙЛАНЫСШЫ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ ФАРИДА ЕРАЛИНАМЕН СҰҚБАТТАСҚАН ЕДІК.
— Еліміздегі пошта тарихын қысқаша айтып өтсеңіз…
— Біздің еліміздегі «Қазпошта» Акционерлік Қоғамы – Қазақстан Республикасының барлық аумағында тұтынушыларға олардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық, қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызметтер көрсететін «Ұлттық пошта операторы» болып табылады. 1993 жылы шілдеде Қазақстан поштасы алдымен «Телеграф-телефон» байланысы қызметінен бөлініп шығып, жеке өз алдына мемлекеттік пошта байланысы қызметі болып өзгертілді. Ал, 1999 жылы 20 желтоқсанда қайта құрылып, «Қазпошта АҚ» атауын алды. Сөйтіп, биыл міне, Қазақстан поштасының өз алдына отау тіккеніне 30 жыл толды.
— Темір аудандық пошта байланысы торабында қанша қызметкер бар және халыққа көрсетілетін қызмет түрлері қандай?
— Бүгінгі таңда Темір аудандық пошта байланысы торабында, аумақтағы 5 байланыс бөлімшесіндегі және басқа ауылдардағы тұрғындарға хат-хабар, сәлемдеме, газет-журнал т. б. тасушыларды қосқанда, штат кестесінде 40 және келісім-шартпен 10 қызметкер жұмыс жасайды. Олар аудан тұрғындарына пошта, агенттік, брокерлік және қаржылық қызметтерін көрсетеді. Үздік қызметкерлерімізден орынбасарым Бибігүл Сергееваны, ерлі-зайыпты пошта тасушылар Гүлназ Шоқанова мен Ернұр Жұмагереевты, сұрыптаушы Іңкәр Қоянбаеваны т. б. атап өтуге болады. Ауданымызда пошта саласында ұзақ жыл қызмет еткен ардагерлеріміз де бар. Оларға жыл сайын 1 қазан — «Қарттар күні» мерекесіне орай, құрмет көрсетіледі. Мәселен, осы биылғы аталған мереке қарсаңында, пошта саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан Дина Қыдырбаеваны 75-ке толған мерейлі жасымен, ұжымымыздың атынан құттықтап, сый-сияпат жасадық.
— Қарттар демекші, жуықта «Қазпошта» АҚ зейнеткелерлерге арналған «Асыл буын» конкурсын жариялапты. Конкурстың шарттары мен мақсатына тоқтала кетсеңіз..
— «Асыл буын» атты конкурсы — 2023 жылғы 1 қазаннан мың) теңгеге сауда жасауға ақшалай сертификат табыс етіледі. Конкурстың мақсаты – бір жағы қарияларға қамқорлық жасау болса, екінші жағынан «Қазпошта» АҚ-ның «Зейнеткер» төлем карточкасын жарнамалап, оның тұтынушылары санының артуына ықпал ету болып табылады. Жалпы пошта қызметі, басқа салалармен бірқатарда, жыл өткен сайын, жаңа заман талабына сай, халыққа қызмет ету түрлерін кеңейтіп, дамып келеді. Біздің қызметкерлеріміз де заманға сай, ізденіп білімдерін жетілдіріп отырады. Қысқасы, халықтың поштаға деген сұранысы бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да бола береді. Олай болса, біздің қызметкерлеріміз қай уақытта да заман талабына сай бейімделіп, тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандырып отыруға әрқашан дайын! 9-қазан күні Дүниежүзілік почта күні және «Қазпоштаның» 30 жылдық мерейтойына орай, Темір аудандық пошта байланысы торабында «Баспасөз-2024» іс-шарасын өткіздік. Осы іс шара зейнеткелерімізге зейнетақы төлеу күнімен тұспа-тұс келді. «Қазпошта» ұжымы қызметкерлері, зейнеткерлеріміз және осы күні келген тұтынушыларымызды облыстық, републикалық, аудандық газет-жорналдарға жазылуға үгіттеп, баспасөзге жазылғандарға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.
Сондай-ақ, сөз соңында аудан тұрғындарына айтарым, қазір жаңа – 2024 жылдың баспасөзіне жазылыу науқаны басталды. Бұл бағытта да біз халыққа сапалы қызмет көрсетуде мол тәжірибеміз бар. Сондықтан, басқа қызметтермен бірге, 2024 жылдың газет-журналына жазылу үшін біздің байланыс торабы бөлімшелері арқылы қызмет алуға болатынын тұрғындардың есіне сала кетуді жөн көремін.
— Сұқбатыңыз үшін рахмет! Сізге және Сіз басқарып отырған ұжым мүшелерінің отбастарына амандық, денсаулық, еңбектеріне табыс тілеп, қызметкерлеріңіз аудан халқының алғысына бөлене берсін деймін!
Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ.
31 қазанына дейін өткізіледі. Конкурстың жүлде қоры – 1 520 000 (бір миллион бес жүз жиырма мың) теңге. Конкурсқа жеке тұлғалар — «Қазпошта» АҚ шығарған «Зейнеткер» төлем карточкасымен, ең азы 10 000 (он мың) теңгелік сомаға, кемінде бір рет, төлем жасаған жеке тұлғалар — Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурс қорытындысында жеңімпаз атанған карточка иелеріне «Sulpak» тұрмыстық техника 10 000 (он Жұмагереевты, сұрыптаушы Іңкәр Қоянбаеваны т. б. атап өтуге болады. Ауданымызда пошта саласында ұзақ жыл қызмет еткен ардагерлеріміз де бар. Оларға жыл сайын 1 қазан — «Қарттар күні» мерекесіне орай, құрмет көрсетіледі. Мәселен, осы биылғы аталған мереке қарсаңында, пошта саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан Дина Қыдырбаеваны 75-ке толған мерейлі жасымен, ұжымымыздың атынан құттықтап, сый-сияпат жасадық.
— Қарттар демекші, жуықта «Қазпошта» АҚ зейнеткелерлерге арналған «Асыл буын» конкурсын жариялапты. Конкурстың шарттары мен мақсатына тоқтала кетсеңіз..
— «Асыл буын» атты конкурсы — 2023 жылғы 1 қазаннан мың) теңгеге сауда жасауға ақшалай сертификат табыс етіледі. Конкурстың мақсаты – бір жағы қарияларға қамқорлық жасау болса, екінші жағынан «Қазпошта» АҚ-ның «Зейнеткер» төлем карточкасын жарнамалап, оның тұтынушылары санының артуына ықпал ету болып табылады. Жалпы пошта қызметі, басқа салалармен бірқатарда, жыл өткен сайын, жаңа заман талабына сай, халыққа қызмет ету түрлерін кеңейтіп, дамып келеді. Біздің қызметкерлеріміз де заманға сай, ізденіп білімдерін жетілдіріп отырады. Қысқасы, халықтың поштаға деген сұранысы бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да бола береді. Олай болса, біздің қызметкерлеріміз қай уақытта да заман талабына сай бейімделіп, тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандырып отыруға әрқашан дайын! 9-қазан күні Дүниежүзілік почта күні және «Қазпоштаның» 30 жылдық мерейтойына орай, Темір аудандық пошта байланысы торабында «Баспасөз-2024» іс-шарасын өткіздік. Осы іс шара зейнеткелерімізге зейнетақы төлеу күнімен тұспа-тұс келді. «Қазпошта» ұжымы қызметкерлері, зейнеткерлеріміз және осы күні келген тұтынушыларымызды облыстық, републикалық, аудандық газет-жорналдарға жазылуға үгіттеп, баспасөзге жазылғандарға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.
Сондай-ақ, сөз соңында аудан тұрғындарына айтарым, қазір жаңа – 2024 жылдың баспасөзіне жазылыу науқаны басталды. Бұл бағытта да біз халыққа сапалы қызмет көрсетуде мол тәжірибеміз бар. Сондықтан, басқа қызметтермен бірге, 2024 жылдың газет-журналына жазылу үшін біздің байланыс торабы бөлімшелері арқылы қызмет алуға болатынын тұрғындардың есіне сала кетуді жөн көремін.
— Сұқбатыңыз үшін рахмет! Сізге және Сіз басқарып отырған ұжым мүшелерінің отбастарына амандық, денсаулық, еңбектеріне табыс тілеп, қызметкерлеріңіз аудан халқының алғысына бөлене берсін деймін!
Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ