ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

0
52

26 ҚАЗАН КҮНІ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ Б. БАҚТЫҒАЛИЕВ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ А. ҚОҢЫРБАЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ, БӨЛІМ МЕН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ЖИЫНДА, ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ.

Жиналыс барысында Б. Бақтығалиев, Темір ауданы ПБ-нің жеке құрам арасында заңдылықты сақтау мен қызметтік тәртіпті нығайту және психологиялық ахуалды қалыпына келтіру шараларын орындау мақсатында, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылып, бірқатар жұмыстар жүргізілгенін, соның арқасында алға қойылған міндеттерді сәтті орындауға қол жеткізілгенін айта келе, аудандағы қылмыстардың алдын алу, болған қылмыстарды дер кезінде ашу, хабар-ошарсыз жоғалып кеткендерді жедел іздестіру, жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстарды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жүргізілген іс-шараларға тоқталды.
— Есепті мерзім ішінде ұрлыққа қатысты 15 қылмыс анықталып, ашылуы 40,0 пайызды құрайтын ауыр санаттағы 10 қылмыс тіркелді, — деді Б. Бақтығалиев өз есебінде. — Ұрлыққа қатысты қылмыстарды жіктейтін болсақ, пәтер ұрлығы бойынша ашылуы 100,0 пайызға тең 7 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға төмендеген. 3 ұялы телефон ұрлығы тіркеліп, бәрі ашылды. Мал ұрлығына қатысты 1 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 қылмысқа төмендеген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №787 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуда, анықтауда және ашуда жедел-іздестіру жұмыстарының тиімділігін жүзеге асыру мақсатында, бөлімнің қызметкерлерін қатыстыра отырып, аудан аумағындағы барлық селолық округ әкімдеріне және Темір ауданы ветеринария бөліміне малдарды 100 % бірдейлендіру үшін, ауылдық жерлерде иесіз жүрген малдарды, иесі табылғанша ұстайтын аулалар жасау, ауыл тұрғындары малдарын бағу үшін бақташы шығару, шаруа қожалықтарына және сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендерге бейнежазбалар мен темір торлар қондыру ұсыныстары жолданды. Мәселен, осындай жұмыстардың барлығы – 194111 бас мал бірдейлендірілді. Сондай-ақ, құжатсыз мал тасымалымен айналысқан тұлғаларға, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы талабына сай шара қолдану үшін ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясына 11 материал жолданды. Есептік мерзім ішінде, ауданық прокурор тарапынан қосымша тергеу жүргізуге қылмыстық іс қайтарылмады, сот органдарынан ақтау үкімі шыққан қылмыстық істер болмады. Сонымен қатар тоқтатылып тұрған бұрынғы жылғы барлық қылмыстық істер, оның ішінде мал ұрлығы мен басқа да орын алған қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді қайта қарау жұмыстары одан әрі жүргізілуде. Қылмыс туралы арыз-шағымдар мен хабарламалар заң бойынша қабылданды, есептеу-тіркеу ақпараттық аналитикалық саласында бойынша заң бұзушылық болмады. Бүгінде, жерігілікті полиция қызметі бөлімшесі бойынша аудан көлеміндегі 10 ауылдық округте және аудан орталығы Шұбарқұдық поселкесінде 17 учаскелік инспектор, 5-УПИ көмекшісі, 3 жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор өз жұмыстарын тиянақты атқарып келеді.
Бұдан кейін баяндамашы, кәмлетке толмағандармен, бұрын сотты болғандармен атқарылған профилактикалық шаралар туралы айта келе, есепті мерзім ішінде ПБ ЖПҚБ инспекторларымен 2935 әкімшілік құкық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, шара қолданылғандығы, жол-патрульдік полиция тобы қызметкерлерімен 1522 жолда жүру ережесін бұзған автокөлік жүргізуші анықталғандығын, оның ішінде автокөлікті мас күйінде басқарған 51 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы талабына сай аудандық соттың қаулысымен көлік жүргізу құқығынан айырылғандығын, 11 жол-көлік оқиғасы орын алғандығын, жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 23 адам жарақат алғанын, заңсыз аң аулау деректерін анықтау барысындағы, маман, миграция саласы бойынша жұмыстар т. б. туралы айтып өтті.— Осы есепті мерзім ішінде ПБ қызметкерлерінің арнайы лауазымдарын мен қызметтерін жоғарлату және имидждерін көтеру мақсатында жұмыстар атқарылды, — деді Б. Бақтығалиев баяндамасының соңында. — Мысалы, Темір ауданы ПБ-нен құрылған «Динамо» футбол командасы Шұбарқұдық лигасы жарысына және екі рет қайырымдылық турнирге қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сонымен бірге, Темір ауданы ПБ және Темір БЖСМ біріккен түрде, жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында, Кенкияқ кентінде «Есірткісіз болашақ» атты қазақша күрестен ауданаралық турнир өткізді. Қысқасы, ұжымымызда полиция бөлімі қызметкерлерімен осындай тағы басқа шаралар ұйымдастырылып келеді. Ұжымымыз жуықта ауданымызда ұйымдастырылған «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қауіп төнгенде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығуда жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, осыған байланысты «Құтқарушылар күні» мерекесі қарсаңында, бір топ қызметкерлеріміз облыстық Төтенше Жағдай Департаменті басшысы мен аудан әкімінің тарапынан марапатқа ие болды.
Жиналыста аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимов пен аудан прокурорының орынбасары А. Қоңырбаев, есептік баяндама бойынша өз пікірлерін білдіріп, аудан басшысы С. Аманбаев, Б.Бақтығалиевке сұрақтар қойып, қанағаттандырарлық жауап алды және полиция бөлімінің қызметкерлеріне қызметтік тәртіпті күшейтіп, жұмыс барысын одан әрі жалғастыруды тапсырып, сәттілік тіледі. Жиын соңында Б. Бақтығалиев, есептік кезеңде жақсы істерімен көзге түскен бірқатар полиция қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.
ӨЗ ТІЛІШІМІЗ.