ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

0
61

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ҚЫЗМЕТІН АДАЛ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН БІРҚАТАР МАМАНДАРДЫ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАДЫ.

Ж. Қойшыбаев өз құттықтау сөзінде, әлеуметтік сала қызметкерлерінің бүгін де көзге көріне бермес жауапты міндеттері арқылы қоғамның әлсіз өкілдеріне қызмет ете отырып, еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға үлес қосып жүргендіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.