ҚОС ОҚУШЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
74

«АҚТӨБЕ-ДАРЫН» ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ДАРЫНДЫ ЖАС ҒАЛЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ 3 СЕКЦИЯ (ТАРИХ, ҚҰҚЫҚ, ГЕОГРАФИЯ) БОЙЫНША ӨТКІЗІЛДІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ — ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ, ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ БОЛАТЫН.
Байқауға аудандық білім бөлімдеріне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Темір ауданынан аталған сайысқа барған Ж. Кереев атындағы ЖОББ мектебінің 8 «б» сынып оқушылары Даулеткерей Абдурахман ІІ-орынды иеленсе, Амангелдин Ершат жүлделі ІІІ-орынға қол жеткізді. Дарынды екі оқушының да жетекшісі В.П.Виноградова.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.