СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЛҒАСУДА

0
58

ҚАЗІРГІ ТАҢДА «АУДАННЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛІП, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘНЕ ЖЕКЕЛЕГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. СОНЫҢ БІРІ — ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ «ЗАДЕПО» УЧАСКЕСІНЕ ШЛЮЗ ОРНАТУ БОЛАТЫН. ОСЫ ТАПСЫРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНАН ШЛЮЗ САТЫП АЛЫНДЫ. ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АТАЛҒАН НЫСАНДА БОЛЫП, АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТЫ ҚАРАДЫ.

Мұнда бүгінде бетон құюға арналған арнайы қалыптар мен шлюз орнатылып, 8 темірбетон сақинасы төселген. Бұл гидроқұрылымның негізгі міндеті – көктемгі су тасқыны кезінде аудан орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басуының алдын алу және суды ағызуды реттеу. Бұл жұмыс енді бір 3-4 күннің ішінде толығымен аяқталуы тиіс.
Нысандағы жұмыспен танысу соңында аудан әкімі С. Аманбаев, аудан әкімінің бас инспекторы Б. Сауытовқа еңбек қауіпсіздігін сақтай және қолайлы ауа райын пайдалана отырып, жұмысты тездетіп аяқтауды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.