КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫК-ДЕМОГРАФИЯЛЫК САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДӘСТҮРЛІ ДІНГЕ БЕЙІМДЕУ, ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ, ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК, ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ОТБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША АТҚАРЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» НАУҚАНЫН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.
Комиссия отырысы барысында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Шабикованың, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жасақбаеваның, аудандық аурухананың босандыру ісі жөніндегі басшы орынбасары К.Дабылдинаның және комиссия хатшысының баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді қорытындылай келе, комиссия төрағасы деструктивті діни ағымдағы әйелдер мен жасөспірімдерді дәстүрлі дінге бейімдеу бойынша атқарылған жұмыстарды жандандыруды, ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы, әйелдер арасындағы маскүнемдіктің алдын алу бағытында жұмыстарды одан әрі жалғастыруды, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдайтын отбасының құқықтары мен міндеттерін тұрақты бақылауға алуды, сонымен қатар ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсанында өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанын өткізу бойынша жоспардағы тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ