«НАРИМАН» ЖАҢА ЖАСТАР ТЕАТРЫ

0
57

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН “НАРИМАН” ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ “БІЗ ЕКЕУМІЗ” АТТЫ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ. ЕКІ ҒАШЫҚТЫҢ МАХАББАТ ОҚИҒАСЫН БЕЙНЕЛЕЙТІН ҚОЙЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ РӨЛДЕРІН СОМДАУШЫ НАРИМАНОВ ӘДІЛХАН МЕН ХАМИТОВА ДІЛНАЗ.

Театр құрамында әзірге екі адам. Жаңадан құрылған жастар театрына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта құрамы өнерге қабілеті бар ауыл жастарымен толығып, түрлі қойылымдар ұсынатынына сеніміміз мол.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.