АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
16 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Б. САЛИМАНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ М.НҰҒМАНОВ, АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ, САУДА, ТЕМІРЖОЛ, БАЙЛАНЫС Т. Б. САЛАЛАРЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП, ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН 20-ДАН АСТАМ АРДАГЕРЛЕР ҚАТЫСТЫ.
«Арай» кафесінде еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде аудан әкімі С. Аманбаев, ауданның ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына тоқталып, келер жылға арналған жоспарына нақты тоқталып, ардагерлердің жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтіп, олардың жергілікті атқарушы органдарға, әсіресе ауылдық округтерде ерекше қолғабыс беретіндіктеріне баса назар аударды және ауданның қалыптасуы мен дамуындағы ерен еңбектері үшін барша ардагерлерге алғысын білдірді.
Кездесуде ардагерлер, қазіргі таңда аудан тұрғындарын толғандырып жүрген, шешімін таппай келе жатқан мәселелерді сөз етіп, осындай жеңіл әрі еркін диалог форматындағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында аудан әкімі С. Аманбаев, барша ардагерлерге амандық тіледі. Осындай ардагерлермен кездесулер ауылдық жерлерде де ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.