МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
АУДАН ӘКІМІ КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, «ҚҰРМЕТ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ, «ӨНДІРІС ОЗАТЫ» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ШКАПОРОВ НИКОЛАЙ ИВАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ. Николай Иванұлы 25 жыл СНПС Ақтөбе мұнай газ Кеңқияқмұнайгаз өндіру басқармасында оператор қызметін атқарып, 20-ға жуық алғыс хатпен, 3 құрмет төсбелгісімен марапатталған, «Өндіріс озаты» атағын алған ардагер. 14 жылдан бері зейнеткер болып отырған Николай Иванұлы 75 жыл бойы тек қазақша сөйлейтінін айтып өтті. Қазақ тілінде 300-ге жуық мақал-мәтел, 5 бата білетін қария мақал айтып, өз батасын берді.
Кездесу барысында аудан әкімі ардақты ардагерді 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, өз алғысын жеткізді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.