МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨТКЕН, ОБЛЫС ӘКІМІ АСХАТ ШАХАРОВ ПЕН МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНДЕ, ТЕМІР АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ РАЙХАН МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІН АЛДЫ.
— Мен 40 жылдан астам уақыт осы салада еңбек етіп келемін. Еңбегім еленіп, марапатталғаныма өте қуаныштымын. Бұл марапат мені жігерлендіріп, алдағы уақытта жаңа шабытпен еңбек етуге талпындырады, — дейді Р.Мұхаметқалиева.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.