ШӘКІРТТЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ
ТАЯУДА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН «ҮМІТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА, ШҰБАРҚҰДЫҚ САЗ МЕКТЕБІНІҢ ТЕРМЕ КЛАСЫ ОҚУШЫЛАРЫ «ДӘСТҮРЛІ ӘН» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ.
Атап айтқанда, Қайсар Расул, Бектенов Жансұлтан, Қартбай Аманхан, Нұрлан Алихан, Қаржаубай Эльдар І-орынды жеңіп алса, Маратов Ақниет, Жанболат Нұрсезім, Сәлжан Санжар, Баймағамбет Данияр ІІ-орынды иеледі. Ал Қалдыбай Нұртаң мен
Жанболат Нұрәділ ІІІ-орын алды.
— Қазылар алқасының мүшелері шәкірттерімнің, әсіресе домбырамен орындаған термелерін жоғары бағалады, — дейді жас дарындардың жетекшісі Аяпов Жанболат Болатұлы. – Шәкірттерім жыл өткен сайын шеберліктерін шыңдап келеді. Біз үшін биылғы жыл табысты болды. Алдағы жаңа жылда талай байқаулар күтіп тұр. Біз ол сайыстарда да биіктен көрінетініме сенемін.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.