ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП БАСТЫ НАЗАРДА

0
54

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б. БАҚТЫҒАЛИЕВ, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ Б. САЛИМАНОВ, М. НҰҒМАНОВ. Е. ТӨЛЕУОВТЕРМЕН БІРГЕ, АУДАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ПЕН ҚЫЗЫЛЖАР САЯБАҒЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ЕКІ БІРДЕЙ МОДУЛЬДІК СТАЦИОНАРЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ.

Жауапты мердігер “Аккудык-Сервис” ЖШС-ы құрған полиция бекеті арнайы жабдықтармен және бақылау камерасын қарауға арналған компьютермен қамтамасыз етілген. Тәулік бойы жұмыс атқаратын бұл қос бекетте, полиция жұмысын жеделдету мен жаңа қызмет ету форматын қамтамасыз ету жағы қарастырылған.
Ашылу рәсімінің соңында аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Б. Бақтығалиевке құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы полиция қызметкерлері кезекшілік етіп, жедел қызмет көрсетуді қолға алуды ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.