ОТЫРЫС ӨТТІ

0
74

ЖУЫҚТА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ӘЛІБЕК БАЙНЕШОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖАУАПТЫ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ОТЫРЫС ӨТТІ. ЖИЫНДА ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ, АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОРНАЛАСТЫРЫЛУЫ, СОНДАЙ-АҚ «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ.

Отырыста күн тәртібіндегі мәселеер бойынша Темір ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Нұралының, Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаевтың, Ақтөбе облысы әкімі аппараты жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас инспекторы Нұрлыхан Хасеновтің, «Қоғамдық даму» КММ орталығы басшысының міндетін атқарушы Данагүл Нұрмұхамедованың, басқарманың бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды және өңірдегі ішкі саясат саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында Әлібек Байнешов, халықпен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарға уақытылы және нақты жауап беру бойынша тапсырмалар берді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.