КӨШПЕЛІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

0
58

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА БАБАТАЙ АУЫЛЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ШТАБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ. АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. КАЛМЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ бас инспекторы Ә.ЖҰМАГЕРЕЙ, ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Р. РАШЕВ ҚАТЫСТЫ.

Комиссия отырысында «2024 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық жөніндегі іс-шаралар жол картасының» хаттамалық тапсырмаларын орындаудың жекелеген мәселелері қаралды.Қайыңды ауылдық округінің әкімі Р. Рашев аудан әкіміне Бабатай ауылында су тасқынының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған соң аудан әкімі ауылдық округ әкімдігіне ауылдың айналасына бөгет салу бойынша басталған жұмыстарды аяқтауды, ауданнан бөлінген екі техниканы тиімді пайдалануды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай қорын дайындауды, жылыту пункттерін дайындауды, үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуді тапсырды және тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.