«СІЗ ҒАЖАЙЫПСЫЗ!»
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН СУСЫНДАП ӨСКЕН ҰРПАҚ ҰЛАҒАТТЫ БОЛМАҚ. ДӘЛ ОСЫДАЙ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҒЫМЫЗ ҰЛТТЫҢ САПАСЫН ҚҰРАЙДЫ. СОНДЫҚТАН ДА ҚАДІР-ҚАСИЕТ, АР-НАМЫС, АДАЛДЫҚ, ПАТРИОТИЗМ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ӘДЕПТІЛІК, МЕЙІРІМДІЛІК, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ҮЛКЕНГЕ ІЗЕТ, КІШІГЕ ҚҰРМЕТ СИЯҚТЫ ҚАСИЕТТЕРГЕ ИЕ ШЫҒАРМАШЫЛ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУ МАҢЫЗДЫ. МІНЕ, СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҒАРТУ МИНИСТИРЛІГІНДЕ «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» АТТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЕНГІЗІЛДІ. БҰЛ БАҒДАРЛАМА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН. ҚҰЖАТ ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
«Зере» бөбекжай-балабақшасының кіші қызметкерлеріарасында, 2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Сіз ғажайыпсыз!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты — әріптестеріміздің өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру болып табылады.
Тренинг — ойымызды ашық айтамыз, бір-бірімізді тыңдаймыз, бір-бірімізден сөйлесеміз, белсенді қатысамыз, бір-бірімізге сый көрсетеміз деген ережемен өтті. Тренинг жоспарында «Сәлемдесу — «Амандасып алайық» ойыны, «Жапон әліппесі» жаттығуы, «Жобалық тест — «Өзіңді білгің келсе» атты бөлімдерден тұрды. Мұндағы «Сәлемдесу — «Амандасып алайық» ойынында: «Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар» деген ұранымен, Жапон әліппесі» жаттығуында педагог-тәрбиешілер А – ка, З – з, П – но, Ц – ми, Б – зу, И – ки, Р – ши, Ч – кэ, В – ру, К – мэ, С – ари, Ш,Щ – хи, Г – жи, Л – та, Т – чи, Ь,Ъ,Ы – зук, Д – тэ, М – рин, У – до, Э – мэй, Е – ку, Н – то, Ф – лу, Ю – фу, Ж – су, О – мо, Х – ри, Я – на жапон әліппесі арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді қосып айтып шығуы керек. Мысалы, «әдемі Айнур» деген жапон тілінде «катэкурин Какитодоши» деп айтылады.
«Өзіңді білгің келсе» жобалық тесте арқылы педагог-тәрбиешілер өздерінің мінез-құлықтары мен жеке қасиеттерін біле алады. Мұнда оларға А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылды. Кейін салынған суреттеріне қарай талдау жасалады.
Сурет салуда күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина бейнеленуі керек. Мысалы, Тау – дөңгелек етіп бейнеленсе — мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса — өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса және басында қар болса — өзгермелі адам есептеледі. Үйді – суретте ағаш үй етіп салынса — арманы орындалады. Егер үйге бір терезе салынған болса — өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса — ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса — әңгімеге жақын, өсекқұмар адам. Ағаш – біреу болса — өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса — балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты мықты да әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар. Жол – үйге жақын жатса — жолы жеңіл, алыс болса — керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса — тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса — айналасына тарататын адам. Сақина – көзсіз болса — қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса — болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Сондай-ақ тренингте Релаксация — «ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ» атты бөлім де ұйымдастырылды. Онда жоғарыдағы ойындардан аздап шаршаған қатысушылар ыңғайланып отырып, көздерін жұмды. Үш рет терең дем алып, дәл солай терең дем шығарды. Олардың қолдары тыныштық қалпында тізелеріңізде жатты. Табандары еденді нық басып тұр. Дене күші босаңсып, қолдар мен аяқтар тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Осылайша шаршағандық баяу басыла берді. Олардың денесі демалады… Көз алдарында үлкен жасыл ағаш, өздерін соның астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестеді. Олар керемет бір түс көріп жатыр. Әрқайсысы өзін 5 жылдан кейін көріп жатыр. Олардың 5 жылдан кейінгі сырт келбеті қандай? Қай жерде тұр? Не істеп жатыр? Олар сол өміріне өте риза, көңілі толатындай деп елестетеді. Немен шұғылданып жүр? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар? Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс: «Сен кереметсің… біз сені өте қатты жақсы көреміз…» дейді. Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.(1 минут пауза) Енді сіз, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз… Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз-өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір, екі, үш… Ал енді біраз ойланып, не көргендеріңізді айтып беріңіздер.
а) қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер?
б) қасыңызда кімдер бар?
в) осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?
г) көрген түсіңізге ризасыз ба?
д) ең қатты не ұнады?
е) болашақтағы өміріңізде нені өзгертсем дейсіз?
ж) ол үшін не істеу керек?
Тренингке қатысушылар бұл бөлімнің соңында, жоғарыдағы сұақтарға жауап берді.
Сонымен бірге тринигте «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
деп аталатын ойын да ойналды. Бұл ойында педагог-тәрбиешілерге қағаз таратылды. Педагог-тәрбиешілер қағазға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазды. Аңдар мен жәндіктердің саны алтау болуы керек екен. Осыдан кейін әрқайсысы жүргізушінің оқыған сөйлемін тыңдап, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет-ретімен қойып және оқып отырды, яғни өзінің кім екендігін анықтады. Оқылаған сөйлемдердің мәтіні төмендегіше болды: 1.Мені жұрт … деп ойлайды. 2.Мені … деп ойласа екен деп ойлаймын. 3.Дәл өзім … 4.Мен жұмыста ….. 5.Жолдасыңыздың алдында….. 6.Негізі……..
Тренингтің қорытынды бөлімінде кім, қандай әсер алғандарымен бөлісті.
Иә, бүгінгі таңда біз, ΧΧΙ-ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бұл тренингтің бүге-шігесіне дейін айтып жатқан себебіміз — осы тренингті басқа да балабақшалардағы педагог-тәрбиешілердің пайдалануына мүмкіндік жасап, кәсіби шеберліктеріңіздің артуына, өздерін тереңірек тануға, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізесе екен деген ниет.
Жайнагүл ТҰРҒАНБАЕВА,
психолог.
Камшат ДҮЙСЕНБАЕВА,
тәрбиеші.