СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР

0
59

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. ОТЫРЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ А.СИСЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С.КАЛМЕНОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.БЕРДІҒАЛИ, АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А.ҚҰЛМҰХАНОВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ НІҢ ОРЫНБАСАРЫ К. ДАБЫЛДИНА, “ЭНЕРГОСИСТЕМА”ЖШС-нің БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ Т. НҰРҒАЛИЕВ, “ШҰБАРҚҰДЫҚ-ЖЫЛУ» КММ БАСШЫСЫ С.ДҮЙСЕНОВ, “ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» АҚ-ның ТЕМІР ГАЗ УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ Т.МОЛДАШЕВ ҚАТЫСТЫ.

Штаб отырысында С. Қалменов жекелеген округтер бойынша қабылданған шараларды, Б. Сауытов аудан орталығында жүргізілген жұмыстарды, М. Бердіғали жеке құрамның су тасқыны кезеңінде көмекке, С. Дүйсенов ведомстволық бағынысты нысандардың көктемгі жағдайға дайындығын, жедел-жәрдем қызметі туралы аудандық аурухананың бас дәрігері орынбасары К. Дабылдина, сондай-ақ Т. Молдашев, Т.Нұрғалиев су тасқыны кезінде өз құзіреттеріне сәйкес қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әзірліктерін баяндады.
Сондай-ақ отырыста, «Ауданның су тасқынына қарсы 2024 жылғы жол картасын» жүзеге асыру шаралары пысықталып, су тасқынына қарсы комиссияның облыстық штабының тапсырмалары мен ұсыныстарының орындалу барысы талқыланды және аудан аймақтарына кезекшілік орнатып, әдеттен тыс жағдайлар туындаған жағдайда, аудандық штаб пен әкімдікке жедел және шұғыл хабарлау ұсынылды.
Отырысты қорытындылаған аудан әкімі, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін тағы бір мәрте атап өтіп, көктемгі су тасқыны кезеңін бекітілген Алгоритм бойынша ұйымшылдықпен өткізуге шақырды және су тасқыны кезіндегі басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстарын су басып кетпеуін қамтамасыз ету екенін ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев, Р. Құдайбергенов, Қ. Нұралыға жүктеді.
Осындай отырыс — Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша да өткізілді. Мұнда Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша штаб мүшелері кентіндегі арықтар мен су төгетін құбырларды тазалау, Задепо аймағында орнатылған шлюздің мұздарын еріту, аймақтардағы су өткізу құбырларын уақытылы ашу, қар шығару жұмыстарын уақытылы аяқтау, көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған құрал-жабдықтар мен техникаларды толық дайындыққа келтіру секілді атқарылған жұмыстарды атап шықты.
Аудан әкімі көпірлердің іргетасын тазалаудан бөлек, су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруды, алдағы ауа райы болжамына байланысты көктемгі су тасқыны кезінде пайдаланылуы тиіс генераторлар, сорғылар және басқа да жабдықтарды дайындауды, сондай-ақ, қажетті мөлшерде құммен, инертті материалдармен және құм салынған қаптармен қамтамасыз етуді тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.