САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
55

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІ БОЙЫНША 20 ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН 1 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА АРАЛАУ, ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КӘСІПТІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕП-ҚАРАУ БОЙЫНША САРАПТАМА ЖҰМЫСТАРЫН «PREMIUM GROUP KZ» ЖШС ЖЕРГІЛІКТІ ОКРУГ ӘКІМДІГІНЕ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ.

Техникалық сараптама қорытындысынан соң, мүлікті бағалау жұмыстары ұйымдастырылады. Комиссия сараптама, бағалау қорытындысын негізге ала отырып, заңнама аясында, зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу жұмыстарын жүргізетін болады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.