САҒИДОЛЛА МЕН ҒАРИФОЛЛА
ТЕМІР АУДАНЫ АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛЫНДА ТУЫП-ӨСКЕН САҒИДОЛЛА МЕН ҒАРИФОЛЛА БЕКМАҒАНБЕТОВТАР — ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ БАР ЖІГІТТЕР. ОЛАР ӨЗ ИЕЛІКТЕРІНДЕГІ АССЕНИЗАТОРЛАРЫМЕН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ СУҒА КЕТКЕН АЙМАҚТАРЫНДА ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖҮР.
БҮГІНДЕ ЖАСТАРЫ ОТЫЗДАН АСҚАН САҒИДОЛЛА МЕН ҒАРИФОЛЛА АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ТҰРАДЫ. ЕКЕУІ ДЕ ОТБАСЫЛЫ. ЕКЕУІ ДЕ КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ.
ОЛАР СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН 130 АССЕНИЗАТОР ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ ҚАТАРЫНДА БОЛДЫ.
— Су тасқыны кезінде 24/7 режимінде жұмыс жасадық. Бұл іске Ақтөбе қаласы бойынша 130 ассенизатор жұмылдырылды. Ғарифолла екеуміз қарсылық көрсетпестен, бірден келісімімізді бердік. Себебі үйлерін су басып жатқан жұртшылыққа барымызша көмектесуге тырыстық. Тасқын кезінде қала бойынша ассенизатор жүргізушілері 13 бригадаға бөлінді. Біз бір бригада болып, қаланың 11,12-шағын аудандарындағы көпқабатты үйлердің ауласына жиналған көп мөлшердегі суды сордық. Сондай-ақ Сельмаш, Әуеқалашығы, 312-атқыштар дивизиясы бойындағы «Вишнёвый сад» бау-бақша ұжымдарында су сору жұмыстарымен айналыстық. Мәселен, қаланың 11,12-шағын аудандарында сорылған суды аталған маңдағы кәріз құдығына құюға тура келді. Қазір де осы аталған аумақтарда су сору жұмыстарымен айналысып жатырмыз, — дейді Сағидолла.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.