МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — КЕЗ КЕЛГЕН ЕЛДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ МЕН БІРТҰТАСТЫҒЫН БЕЙНЕЛЕЙТІН НЫШАНДАРЫНЫҢ БІРІ. ОЛАР МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІН ҚҰРАЙДЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ПАТРИОТИЗМІН БІЛДІРЕДІ. ЖАС ҰРПАҚ — ЕЛДІҢ ҚУАТТЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ ЕКЕНІН ЕСКЕРСЕК, МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ЖАСТАР ОРТАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК.
Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылына арналған ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатындағы әр айға іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі шаралар өткізілуде. Әр аптаның дүйсенбісінде барлық сыныптарда мемлекеттік Әнұран орындалады. Бүгінге дейін білім ұясында «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік тірегі», «Рәміздер — рухымыз, ар — ожданымыз», «Тәуелсіздік және ұлттық тарих», «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш», «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» тақырыптарында сынып және ақпарат сабақтары, сурет байқауы, кітап көрмесі, тарихи сағаттар ұйымдастырылды. Мұндай жұмыстар одан әрі жалғасты табуда.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу — тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы, елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Отан – жерім, Отан — суым,
Отан — қуат, нәр береді..
Отан — ұран, Отан — Туым
Отан — мәңгі гүлденеді» деп ақын жырлағандай, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу — бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар, мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Бүгінде, желбіреген аспан түстес байрағымыз, халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей еліміздің аспан әлемінде қалықтап тұр.
Г. А. МҰҚАШЕВА,
Сарыкөл жалпы орта беретін мектебінің тәлімгері.