«ҚҰМСАЙДА ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛУДА»

0
56

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ.
ЖҰМЫС САПАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ ҚҰМСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРАУ БОЛАТЫН.

Бұл елдімекенде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көктемгі су тасқыны салдарынан тұрғын үйлері жарамсыз болған ауыл тұрғындарына жаңа тұрғын үй салу жұмыстары басталуда.
Аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, Саркөл ауылдық округінің әкімі М.Шүйіншалин болды.
Жалпы елдімекенде 24 жаңа тұрғын үй салу жоспарлануда.
Жаңа тұрғын үйлер құрылысын “Faf company” және “МұғалжарСтрой” ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар, аудан әкімі екі мердігер компанияның өкілдеріне құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуына жол бермей, уақытылы аяқтау үшін құрылыс жұмыстарының басталуын жеделдетуді, барлық құрылыс материалдарын уақтылы жеткізуді, сондай-ақ, жүргізілетін жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
Құрылыс жұмыстарын қарау барысында аудан әкімі Саркөл ауылдық округі әкімі М.Шүйіншалинге құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде бақылап отыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан басшысы орынбасары Р.Құдайбергеновке құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне ерекше назар аудара отырып, мерзімді негізде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Өз тілшіміз.