ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫ

0
61

Темір ауданы бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында Темір ауданында үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде «Қоғамдық штаб» құрылып, төрағасы болып аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов белгіленді. «Қоғамдық штаб» құрамына ауданда біраз жыл қызмет атқарған ақсақалдар, облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев, бөлім, мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары қосылды.
«Қоғамдық штабтың» негізгі мақсаты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қазіргі ахуалға байланысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, халық пен жергілікті атқарушы органдар арасында көпір ретінде қызмет атқару.
Темір ауданында су тасқынына байланысты 28 наурызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Бір ай мерзімінде жергілікті атқарушы органдар арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың арыз-шағымдары қабылданып, аталған мәселені төтенше жағдайға байланысты құрылған комиссия қарады.
Бүгінгі таңға дейін аудандық қоғамдық штаб төрағасы Б.Шаимов және аудандық қоғамдық штаб мүшелері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен 17 кездесу ұйымдастырылды. Су тасқынынан келген келген шығындар арнайы нысандағы актілермен рәсімделіп, бүгінде мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Қоғамдық штаб төрағасы мен мүшелерінің ұйымдастыруымен Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылы мен Кеңестуы ауылдық округіне қарасты Шитүбек ауылының тұрғындарына демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілді. Атап айтсақ, қоғамдық штаб төрағасы Б.Шаимовтың ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккен Еңбекші ауылының тұрғынына ауданымыздың тумасы Тлегенов Дархан Калдымуратұлының демеушілігімен ұлутас сатып алынып, жеткізілді. Қоғамдық штаб мүшесі Е.Төлеуовтың ұйымдастыруымен республикалық «Азық-түлік келісім шарт» корпорациясынан гуманитарлық көмек ретінде Еңбекші және Шитүбек ауылының тұрғындарына 2 мәрте азық-түлік түрлері жеткізілді. Қоғамдық штаб мүшесі Д.Жайсаңбаеваның ұйымдастыруымен әлеуметтік желілердегі парақшаларға су тасқынына байланысты 45 жазба жарияланды. Алдағы уақытта Саркөл ауылдық округі, Құмсай ауылына су тасқынынан қарсы қорғаныс бөгеті салынатын болады.
Аудан бойынша қазіргі таңда ахуал тұрақты. Су тасқынынан зардап шеккен 106 отбасыға 39 135,2 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда Құмсай ауылында салынатын үйлердің алғашқы іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шұбарқұдық кенті, Еңбекші, Құмсай, Шитүбек ауылының үй сатып алуға ниетті тұрғындары үй таңдап, бағалау жұмыстарын жүргізуде.