ҚОРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН

0
62

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі Темір (Құмсай ауылы) және Ырғыз ауданындағы (Ырғыз ауылы) су тасқынынан зардап шеккендерге 80 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.
Мәселен, 17 мамырдағы жағдай бойынша Қордың қолдауымен 5 облыс – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарының ауылдарында 550-ге жуық тұрғын үй салынуда.
«Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жаз мезгілінде үйлері стихиялық апаттан қираған отбасыларды қоныстандыруды қамтамасыз ету керектігін алға тартты.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров үйлердің типтік жоба бойынша салынып жатқанын баса айтты. Құрылыс сапасына жобалаушы және техникалық қадағалау кепілдік береді.
Жанашыр қазақстандықтардың, шетел азаматтарының, ұйымдардың, отандық және шетелдік компаниялардың қызметкерлерінің арқасында 1 сәуір мен 17 мамыр аралығында қор шоттарына 6,376 млрд теңге жиналды.
Темір ақпарат.