ҚАЙЫҢДЫДА
Аудан әкімі С.Аманбаев Қайыңды ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Шибұлақ ауылына қарасты шаруа қожалықтарын аралау барысында “Номад-Келбатыр” шаруашылық қожалығында болды.
Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығарин және Қайыңды ауылдық округі әкімі Р.Рашев барды.
2005 жылы құрылған “Номад-Келбатыр” шаруа қожалығының иесі – Қырқымбаев Болат Хамитұлы.
Шаруа қожалығында:
— 125 бас асыл тұқымды ірі қара малы;
— 70 бас жылқы малы;
300 бас «Еділбай» тұқымды ұсақ жандық малы бар.
Аудан басшысы шаруашылықтағы өндірістік орынды және үй жануарларының жай-күйін қарады.
Б.Қырқымбаев әңгімелесу барысында қысқы маусымға шөп жинауды бастауға дайындық мәселесі көтерілді. Шаруашылық басшысы жыл сайын мал қыстату үшін қажетті мөлшерде шөп дайындап, биылдан бастап шөп шабатын техникаларды дайындап жатқанын жеткізді.
Аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге науқан кезеңін тиімді пайдаланып, шаруа қожалықтарының мал азығымен толық қамтамасыз етілуін қадағалауын тапсырды.
Сондай-ақ, округ әкімі Р.Рашевке алдағы қыс мезгілінде елдімекендер, шаруа қожалықтары шөптен тарықпауы үшін мал азығының жеткілікіті мөлшерде жиналуын қадағалауды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.