БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ

0
53

Таяуда, аудан әкімі С.Аманбаев Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице — президенті Жабасов Дәурен Еркінұлын қабылдады.
Кездесу барысында спорт саласын өркендету, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, аудан басшысы өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы барысын, спорттық құрылымдар мен нысандардын, шағын спорттық корттар мен шағын футбол алаңдарының аудан орталығында ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде де ағымдағы 2024 жылы ашылуы жоспарланғанын атап өтті.
Сондай-ақ, аудан басшысы Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице — президенті Д.Жабасовқа аудан жастарына үнемі қолдау білдіріп жүргені үшін ризашылығын білдірді.
Темір Газеті.