«ШҰБАРҚҰДЫҚ-АҚТӨБЕ» ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ АШЫЛДЫ

0
47

МАУСЫМНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, «ШҰБАРҚҰДЫҚ-АҚТӨБЕ» ҚАЛААРАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АВТОБУСТЫҚ САПАРДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ. АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Д. СҰЛТАНҒАЛИЕВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Шара барысында аудан әкімі аудан тұрғындарын қала аралық байланыстың ашылуымен құттықтай отырып, жол жүргелі тұрған тұрғындарға сәтті сапар тілеп, шағын сый-сияпатын, мерекеге орай бүлдіршіндерге шағын тартуын табыстады. Ардагерлер тұрғындардың өтініштерінің орындалып, халыққа тиімді бағада ұйымдастырылып отырған қала аралық қоғамдық көліктің шығуы қуанышты жайт екенін алға тартып, алғашқы сапарға ақ жол тілеп, батасын берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі автобус жүргізушісіне жол қауіпсіздігі және жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуын қатаң ескертті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.