ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
66

11 МАУСЫМ КҮНІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ Н.САБЫРБАЕВ ПЕН ТЕМІР АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Г.ИЗБОЛЛАЕВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН, ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ, ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ АСХАНАЛАРЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУ МЕН ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫРҒАН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖИНАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жиналыста, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылдың 7 сәуірде шыққан № 62-ші бұйрығындағы ақпараттар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.