АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ТАЯУДА ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТЕМІР АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСҚА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМДАРЫ МЕН МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ. ШАРА БАРЫСЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІ ТАРАПЫНАН АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР МЕН МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Шара барысында оған қатысушылар Аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен жасақталған қолөнер көрмесі, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасы бойынша дала сахнасына арналған қойылымын және Н. Байғанин атындағы аудандық Мәдениет Үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын тамашалады.
Аудан әкімі С. Аманбаев, аналарға құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірдегі белсенделіктері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен арнайы сыйлық табыстады және отырыс соңында ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен т. б. тиісті бөлім, мекеме басшыларына, Аналар кеңесінің төрайымдарына пікірталас кезінде көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша тиісті тапсырма беріп, тапсырмалардың орындалуын бақылауды салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралыға жүктеді.
Ә. ДӘУҰЛЫ.