ОБЛЫС ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

0
66

        25 маусымда Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Ә.Әбдікәрімов, Темір ауданына жұмыс сапарымен келді.
А.Әбдікәрімов, аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевпен бірге, іс сапарын алдымен, Кеңқияқ мұнай-газ өндіру басқармасының № 1-ші цехындағы   жаңадан ашылған бұрғылау құрылғыларымен танысудан бастады.

Сондай-ақ ол Кеңқияқтағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп пен «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан 9 көшенің құрылыстарын да қарады. Кейін облыс әкімінің орынбасары, Саркөл ауылдық округіне аумағына өтіп, Шұбарши ауылындағы 40 орындық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.
Нысандарды аралап шыққан соң А. Әбдікәрімов, аудандық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына негізделуі тиіс екендігін атап өтті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.