КЕЗЕКТЕГІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

0
57

25 МАУСЫМ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫ Қ. УРАЗАЛИН, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б. БАҚТЫҒАЛИЕВ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б. САУЫТОВТЫҢ ҚАЗАҚАУЫЛ, ТЕРІСКЕЙ, ЗАДЕПО, АҚҚҰДЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ, ВОКЗАЛ АЛАҢЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛЖАР МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ.

«Задеполықтар»абаттандарумәселесін қозғады

Бұдан кейін аудан әкімі С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытовтың «Задепо» аймағының тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты. Кездесу барысында округ әкімі Б. Сауытов ауылды абаттандыру, тұрғындардың ахуалын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған мақсат-міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.
Тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу және өзге де мәселелер қозғалды.
Кездесу соңында аудан әкімі, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті бөлім басшыларымен жұмыс жасауды тапсырды.

«Вокзал алаңын» жарықтандыру керек

Б. Сауытовтың Вокзал алаңы тұрғындарымен есептік кездесуінде тұрғындар өзекті мәселелер қатарында көше жарығы аталды. Бұл мәселе бойынша округ әкімі алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстары туралы баяндады.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың өзге де мәселелерін тыңдай келе, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, округ әкімі Б. Сауытовқа өзекті мәселелерді тұрғындармен бірлесе шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

Қызылжарлықтардың сұрақтары

Осы күнгі Б. Сауытовтың Қызылжар мөлтек ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде тұрғындар, көшенің жарықтары, электр бағаналарының мәселелері т. б. сұрақтар қойды. Аталған мәселелер бойынша округ әкімі, мөлтек ауданындағы электр желісінің 452 дана бағанасын ауыстыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі аталған мәселелер бойынша округ әкімі Б. Сауытовқа нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақауылдағы ұсыныстар

Қазақ ауылдағы есептік кездесу барысында округ әкімі Б.Сауытов, Шұбарқұдық кенті бойынша автомобиль жолдарына асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланып, жобаның мердігері анықталғандығын және қазіргі таңда «Жамбыл-Махимов» және «Жастар-А. Оразбаева» көшелерінде асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізсе, тұрғындар тарапынан көше жарықтарын орнату және өзге де ұсыныстар түсті. Кездесу соңында аудан әкімі С. Аманбаев, Б. Сауытовқа тұрғындар тарапынан түскен өтініш пен ұсыныстардың барлығын назарға алуды және жұмыстануды тапсырды.

Теріскейде жұмыстар атқарылуда

Сондай-ақ, аудан әкімі С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытовтың Теріскей аймағының тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндаманы тыңдады. Б. Сауытов баяндамасында, аймақта көше жарығын жүргізу мен тұрғындар тарапынан түскен өтініштер негізінде суағарларды кеңейту және тазалау жұмыстары жүргізіліп, қалыпқа келтіріліп жатқандығын атап өтті.
Аудан басшысы округ әкімі Б. Сауытовқа тұрғындар тарапынан түскен мәселелерді жеке бақылауға алуды, сонымен қатар, өзге де мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының сұрақтары жауапсыз қалмауын тапсырды

Аққұдықтағы мәселелер ескеріледі

Ал Аққұдық аймағының тұрғындарымен есептік кездесуінде Б.Сауытов, «Құрылысшылар» көшесіне жарықтандыру, Шұбарқұдық кентінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге арналған орынды күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бұл кездесуді қорытындылаған аудан әкімі, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселер ескерусіз қалмайтынына тоөталып, айтылған ұсыныстарға байланысты округ әкімі Б.Сауытовқа нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.