БІРНЕШЕ ШАРА ҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, «ХАРЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ А. ӨТКЕЛБАЕВАМЕН, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ.НҰРАЛЫМЕН, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ, 6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ, ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БІРНЕШЕ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ.
С. Аманбаев, алдымен аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтай келе, бұл мейрам — әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық мереке екендігін атап өтіп, елордамыздың көркейе беруін тілеп, ерекше бала тәрбиелеп отырған үлкен жүректі ана, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Шам Альбинаға «Харекет» қоры атынан, «100 күнде 100 баспана» акциясының аясында, жаңа баспана кілтін табыстады және жаңа тұрғын үй иесімен бірге Шұбарқұдық кентіндегі «Геолог» көшесіне орналасқан баспанаға барып, жаңа тұрғын үй иесіне қоныс жайлы болсын айтты.
— Біздің басты мақсатымыз – қарапайым балаларға жағдай жасау ғана емес, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға да жәрдем көрсету болып табылады, — деді С. Аманбаев. Астана күні мерекесінің осындай акцияға ұласуы – аудан жұртшылығының ыстық ілтипатына ие болды.
Сондай-ақ аудан әкімі С. Аманбаев, аталған шарада, аудан әкімдігіндегі ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне қатысушы отбасыларды марапаттап, конкурста жеңімпаз деп танылған Шұбарқұдық ауылдық округінің тұрғындары Башаловтар отбасына 100 мың теңгелік сертификат және облыстық кезеңге жолдаманы табыстады. Сонымен қатар, осы сайыста екінші орынға ие болған Тасқопа ауылдық округі атынан қатысқан Қойшығариндер әулеті аудан басшысының қолынан 50 мың теңгелік сертификатты алу құрметіне ие болды және байқауға басқа аумақтардан қатысқан қатысушыларға да түрлі аталымдар бойынша 20 мың теңгелік сертификаттар ұсынылды. Аудан әкімі конкурсқа қатысушы отбасыларды жеңістерімен құттықтай келе, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.
Астана күніне орай, орталық саябақта ұйымдастырылған мерекелік шараның соңы аудандық мәдениет үйі мен аудандық музыка мектебінің өнерпаздарының концерттік бағдарламаларына ұласты.
Осы мереке күні аудан әкімі С. Аманбаев, Шұбарқұдық кентінде орналасқан «Белсенді өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға да қатысты. Аудан әкімімен бірге аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Салиманов, Шұбарқұдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Нұғманов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимова, Байғанин ауданынан және Кеңқияқ ауылынан келген арнайы делегация өкілдері және «Белсенді өмір сүру орталығының» қатысушылары қатысты.
Шара барысында аудан әкімі 6 шілде — Астана күнімен құттықтай келе, қазыналы қарттарға жылы лебізін білдірді.
Шара қатысушылары арасында тоғызқұмалақ, домино, дойбы ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, аудандық дін істері орталығының ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сергіту сәті өткізілді және белсенді қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табысталды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.