ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНДА

0
59

Тамыздың 1 күні, аудан әкімі С.Аманбаев облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасовпен Саркөл ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде кездесті.
Мәслихат депутаты Б.Ізбасов аудандағы жұмыс сапары кезінде алдымен Қопа елдімекенінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында салынып жатырған қорғаныс бөгетінің құрылыс жұмыстарынмен танысты.
Сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеті жобасының бас мердігері — “Lider Invest Group” ЖШС.Жоба құны — 255 788, 2 мың теңге.
Сонымен қатар, өңірде орын алған су тасқынынан зардап шеккен құмсайлықтарға арналып салынып жатырған тұрғын үйлер құрылысын қарады.
Құрылыс жұмыстарын “Taf Company” ЖШС мен “МугалжарСтрой” ЖШС мердігер компаниялары жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда сыртқы электр, газ және су желілерін жүргізу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы сапары соңында мәслихат депутаты мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, бекітілген мерзімде тұрғын үйлердің  қолданысқа берілуіне аса мән беріп, құрылыс жұмыстарының қарқынын үдетуді ұсынды.

Өз тілшіміз