ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Биылғы жазғы маусымнан бастап, аудан орталығында “Ауыл кеші көңілді” көше мерекесін өткізу жалғасын табуда.
Аудан орталығы Шұбарқұдық кентінің аймақтары 9 әкімшілік округке бекітіліп, сәйкесінше әр апта сайын әр аймақта көше мерекелері аясында қоғамдық-мәдени шаралар өткізілуде.
Алғаш рет Н.Байғанин көшесінде Ақсай ауылдық округінің, 11 шілде күні Алтықарасу ауылдық округі Қазақауыл аймағында және 24 шілдеде Кеңестуы ауылдық округі Задепо аймағында іс-шаралар топтамасын өткізсе, бүгін, 15 тамыз күні Қайыңды ауылдық округі Ж.Кереев көшесінде көше мерекесін өткізді.
Шараға қатысқан аудан әкімі С.Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, әр көшенің тұрғындары ауызбіршілікте, өзара ұйымдасып өмір сүру керектігін атап өтіп, кент келбетін таза ұстауға шақырды.
Сонымен қатар, шара барысында Жансен Кереев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ,«Балғын бауырсақ» бауырсақ тарату, дәм тарату шарасы, Фото аймақ. Спорттық шаралар: ләңгі тебу, гір көтеру, Викториналық сұрақтар,Ж.Кереев көшесінің тұрғындарын ауыл күніне орай марапаттау рәсімі; «Ауыл кеші көңілді» атты концерттік бағдарлама өтті
Шара соңында аймақ тұрғындары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ