“АУЫЛ АМАНАТЫ” БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0
42

Жеке кәсіпкер Баймұратова Гүлназ Болатқызы “Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысып, ағымдағы жылы қоғамдық тамақтану және кондитерлік өнімдер өндіру жобалары бойынша 13 млн 65 мың теңге қаржы алып, сыйымдылығы 50 адамдық “AINA-LINE” заманауи үлгідегі қоғамдық тамақтану орнын ашты.
Аудан басшысы былтырғы жылы ауданымызды пилоттық негізде бастау алған “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында ауданымызда бүгінгі күнге дейін 201 жоба жүзеге асырылып жатырғандығын атап өтіп, Г. Баймұратованың жаңа бастамасына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге “Ауыл аманаты” бағдарламасының тиімділігі мен ерекшеліктерін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Шараға қатысқан аудан ардагерлері кәсіп иесіне бата беріп, адал еңбекпен елге қызмет етуіне тілектестік білдірді.