«Таза қазақстан»

0
7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы Ақтөбе облысында да жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бүгінге дейін 413 018 ақтөбелік экологиялық шаралар мен сенбіліктерге белсенді ат салысуда.
Өңірлерді абаттандыру мәселелерін шешуде жергілікті 7 596 кәсіпорын да халыққа қолдау көрсетіп, өндіріс орындарының аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Аталмыш акция көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып қана қоймай, қоғамды біріктіріп, ынтымақ рухын оятады.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бір күндік сенбіліктер мен ай сайынғы сенбіліктерді өткізумен шектелмей, жыл бойына республика бойынша қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылады.