АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА
Облыс әкімінің орынбасары Ж.Батырхан Темір ауданындағы жұмыс сапары кезінде аудандағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Алтықарасу, Теректі мектеп-балабақшаларының жұмыс барысын қарады.
Мемлекет басшысының ауыл мектептерін модернизациялау жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгінге дейін ауданда жөндеуден өткен 6 білім беру мекемелері арнайы заманауи жабдықтармен, пәндік кабинеттермен жабдықталған болатын.
Білім ордаларын қарау кезінде облыс әкімінің орынбасары ел Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру арқылы ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңестірілуі тиіс екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, сапалы білім көрсеткіштерін арттырумен қатар балалардың құқықтарын қорғаудың аса маңыздылығына мән аударды.
Темір ақпарат.