Адал еңбек – адал азамат

Ауыл шаруашылығы күніне орай аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарының өкілдерімен «Адал еңбек – адал азамат» тақырыбында кездесу өтті.
Тағылымды шараға аудан әкімі А.Жақсылықов қатысып, ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, ел ырысын еселеп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегіне алғысын білдірді.
Кездесу барысында шаруа қожалықтарының өкілдері өзара пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар төңірегінде ой бөлісті. Ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, өндіріс көлемін арттыру, шаруалардың еңбегін қолдау және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Шара аясында ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар шаруа қожалықтарының жетекшілері мен сала мамандары марапатталып, олардың еселі еңбектері лайықты бағаланды.
Адал еңбек – ел дамуының негізі!




